Өзбекстанның былғары-аяқ киім өнеркәсібінің өнімдері Италиядағы беделді халықаралық көрмеге қойылды

    Үстіміздегі жылдың 17-19 сентябрінде Италияның Милан қаласында өткен «Simac Tanning Tech 2024» және «Lineapelle» халықаралық былғары-аяқ киім өнеркәсібінің беделді көрмелеріне «Узчармсаноат» бірлестігі мен 10-нан астам жергілікті кәсіпорын өкілдерінің жаңа өнімдері ұсынылды.

    Осы көрме аясында Өзбекстан елшілігінің қолдауымен шараны ұйымдастырушы – Италияның «Assomac» аяқ киім, былғары және әтір-опа бірлестігінің басшысы Агостино Аполитомен тиімді келіссөздер жүргізілді.

    «Assomac» бірлестігі еліміздің былғары аяқ киім саласында барлық мүмкіндіктерге сүйеніп, технологтарды оқыту мен олардың білімін жетілдіру, өнімдерді сертификаттау және өзара сауданы дамыту мәселелерінде «Узчармсаноат» бірлестігімен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Сұхбат барысында Италия технологияларға қызмет көрсетуге мамандандырылған «Сервис орталығын» ашу және жергілікті мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ, осы көрме аясында біздің жергілікті кәсіпорындар Италия, Испания, Португалия, Венгрия, Индонезия, Үндістан, Түркия және Иран компаниялармен келіссөздер жүргізіп, экспорт және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды.

    Ақпарат ретінде айта кетейік, 1973 жылы алғаш рет өткізілген «Simac Tanning Tech 2024» және «Lineapelle» халықаралық былғары және аяқ киім өнеркәсібі көрмелері бүгінде әр жылы 300-ден астам Италия және шетелдің беделді былғары, әтір-опа және аяқ киім өнеркәсібі компанияларын бірлестіреді. Онда технологиялық инновациялар, дизайндық идеялары, былғары аяқ киім және басқа да бұйымдар түрлері қойылады деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates