Өзбекстанның мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын дамыту қоры құрылады

    Қаржы министрлігінде Еуропа тіктелу және даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринк бастаған делегация өкілдерімен кездесу өтті.

    Онда Еуропа тіктелу және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитаи, ЕТДБ-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Алкис Дракинос, ЕҚДБ Бас хатшысы Кахугихо Когучи және комплианс бақылау бөлімінің басшысы Бернд Тракслер, Өзбекстаннан Өзбекстан республикасының Прьемер министрінің орынбасары— Экономикалық даму және кедейлікті азайту министрі Жамшид Қучқаров, Өзбекстан Республикасы Қаржы министрі Тимур Ишметов, Орталық банк төрағасы Мамаризо Нурмуратов және Мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту агенттігінің директоры міндетін атқарушы Закир Бозоров қатысты.

    Кездесу барысында мемлекеттік банктер мен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, декарбонизация және жасыл өсу, атап айтқанда, жасыл экономикаға көшу, метан шығарындыларын азайту, жасыл қалаларды құру, сондай-ақ капитал базарын дамыту, ETДБ-мен ынтымақтастықта жүзеге асырылған жобалар, соның ішінде энергетика, білім және транспорт саласында мемлекеттік жеке серіктестік негізінде жүзеге асырылған жобалар, тау-кен өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды.

    Сондай-ақ, кездесуде тараптар шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту, цифрландыру үдерістерін жеделдету, осы саладағы өзара ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

    Кездесу аясында Еуропа тіктелу және даму банкі, сондай-ақ Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік-жеке серктестікті дамыту агенттігі арасында Өзбекстанның Мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын дамыту қорын құру туралы мандат келісіміне қол қойылды.

    Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзара қарым-қатынасты дамытып, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келісті.