Шавкат Мирзиёев Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы ел басшылары кеңесінің жиынына қатысты

    Билік 15 Sentabr 2023 6544

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 15 қыркүйекте Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті жиынына қатысты.

    Тәжікстан тарапының төрағалығымен өткен шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркіменстан Президенті Сердар Бердымұхамедов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Аділбек Қасымалиев және БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі – Орталық Азиядағы алдын алу дипломатиясының өңірлік орталығының басшысы Каха Имнадзе де қатысты.

    Күн тәртібіне сәйкес Тәжікстанның 2020-2023 жылдардағы қордағы төрағалығының қорытындылары шығарылып, Арал теңізі бассейнінің экологиясын, су шаруашылығын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартудың өзекті мәселелері және одан әрі даму перспективалары туралы пікір алмасылды және қор аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан Президенті өз сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Тәжікстан Республикасының тең төрағалығымен өткен жаһандық су конференциясының сәтті өткенін атап өтті. Осы тарихи оқиғаның нәтижелері бойынша Орталық Азияның су секторындағы өмірлік маңызды мәселелер мен проблемаларға бүкіл халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға қол жеткізілді.

    Мемлекет басшысы қордың құрылым құрылғаннан бергі 30 жыл ішінде Арал теңізі бассейнінде экологиялық қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелерін шешу, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара келісілген тәсілдерін әзірлеуде қордың рөлі мен маңыздылығын сараптады.

    – Аралды құтқару халықаралық қоры – бұл, ең алдымен, Орталық Азия елдерінің жаһандық ауқымдағы ең өткір проблемалардың бірін шешудегі көпжақты ынтымақтастықтағы бірегей тәжірибесі, – деді Мемлекет басшысы.

    Жаһандық климаттың өзгерістері нәтижесінде туындайтын жаңа қауіптер мен қатерлер жағдайында мұндай өңірлік ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығы артып отырғаны баса айтылды. Орталық Азиядағы су тапшылығы проблемасы өткір әрі сөзсіз сипат алды және одан әрі тереңдей береді.

    Өзбекстан басшысы құқықтық және институционалдық тұрғыдан көпжақты әріптестіктің тиімділігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтіп, су және экология саласындағы ынтымақтастық бойынша бірқатар практикалық ұсыныстарды ортаға салды.

    Қордың құқықтық негіздерін одан әрі жетілдіру және оның институционалдық тетіктерін жаңғырту шеңберінде негізгі құжаттар мен келісімдерді қайта қарау, қолданыстағы құрылымды талдау, қор құрамындағы ұйымдардың жұмысын үйлестіру және оның қызметін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау, оның қызметі мен ынтымақтастық мәселесін нақты реттейтін «Ережелер мен рәсімдерді» әзірлеу ұсынылды.

    Қорды дамыту және реформалау үдерістерін салааралық қағидат негізінде, яғни қазіргі заманғы экологиялық қауіптерді ескере отырып, кешенді тәсілдер негізінде «су – энергия – азық-түлік» тәртібімен жүзеге асыру маңызды, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

    Негізінен ұлттық жоспарлар бағытында жүзеге асырылып жатқан Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсетудің төртінші бағдарламасының орындалу барысы алаңдаушылық туғызып отырғанын айта келе Өзбекстан Президенті қор басшылығына ағымдағы бағдарламаны сыни тұрғыдан қарауды тапсыру және әрбір өңірлік жобаның көлемі мен қаржыландыру көздерін көрсете отырып, «жол карталарыны» оларды іске асырудың келісілген кестесін дайындау ұсынылды.

    Өңірлік басым жобаларды ілгерілету үшін инвестиция, технологиялық және техникалық көмек тарту бойынша жүйелі ынтымақтастықты күшейту қажет екені айтылды.

    Осыған орай, біздің әрбір ел нақты нысаналы индикаторларды белгілеу арқылы өңірлік жобаларға сыртқы көмекті тартуды міндеттейтіні және төрағалық етуші тараптың келісімі негізінде инвестиция мен техникалық көмекті тарту мен бөлу тетіктерін әзірлеуі ұсынылды.

    Сонымен қатар, шетелдік әріптестерді, жетекші халықаралық институттар мен донорлық ұйымдарды тарта отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жеделдету мақсатында арнайы өңірлік конференция өткізу ұсынылды.

    Өзбекстан басшысы өңірде су-энергетикалық ресурстарды кешенді басқару саясатын үйлестіру мақсатында халықаралық консультанттардың қатысуымен Амудария және Сырдария бассейндерін дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеу орынды екенін атап өтті.

    – Суды және басқа да табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыруға баса назар аударып, жастардың бастамалары мен стартаптарын қолдап, жастармен жұмысты өңірлік деңгейде ұйымдастыру қажет. Өңірлік превентивтік дипломатия орталығы осы мәселелерді қарауға белсенді атсалысатынына сенімдіміз, – деді Мемлекет басшысы.

    Экожүйелердің одан әрі нашарлауына жол бермеу мақсатында, ең алдымен, Арал өңіріндегі ынтымақтастық мәселелеріне тоқталған Мемлекет басшысы қазіргі таңда Өзбекстанда Арал теңізінің экологиялық және әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    – Соңғы бірнеше жылда Арал теңізінің құрғаған түбінде 1,7 миллион гектар орман пайда болды. Алдағы екі жылда тағы 400 мың гектар жасыл аумақ салу жоспарлануда. Арал трагедиясының зардаптарын жою, сондай-ақ Арал жағалауында биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында 3,5 миллион гектардан астам аумақта табиғи саябақтар, қорықтар мен мемлекеттік қорғау аймақтары құрылды, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Сонымен қатар Өзбекстанда суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Соңғы 7 жылда 1 миллион гектардан астам жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді, бұл республикадағы суармалы жердің төрттен бірін құрайды.

    Серіктестерге қор қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде суды үнемдеу саласын анықтай отырып, осыған байланысты ынтымақтастықты нығайту ұсынылды. Осы мәселелердің барлығын жан-жақты қарастыру мақсатында су ресурстары, энергетика, экология және экономика министрлерінің тұрақты кездесулері үшін өңірлік алаң құру туралы бастама көтерілді.

    Өзбекстан президенті «Қуштепа» каналының құрылысына қатысты да өз ойын білдірді. Атап өткендей, аймақта суды пайдалану процесінде жаңа қатысушы пайда болды. Осыған байланысты канал құрылысына қатысты барлық аспектілерді және оның Амудария суын пайдалануға әсерін зерттеу үшін бірлескен жұмыс тобын құру, сондай-ақ Ауғанстан өкілдеріні су ресурстарын бірлесіп пайдалану жөніндегі өңірлік диалогқа тарту мәселесін қарастыру ұсынылды.

    Сөзінің соңында Мемлекет басшысы бүгінгі саммитте қабылданған бастамалар мен құжаттарды жүзеге асыру қоры аясындағы халықтардың әл-ауқатын арттыру мен бүкіл Орталық Азия аймағының гүлденуі жолында өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және тиімділігін арттыруға қызмет ететініне сенім білдірді.

    Жиында Тәжікстан, Қазақстан, Түркіменстан басшылары мен Қырғызстан үкіметінің мүшесі де сөз сөйлеп, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының үндеуі оқылды.

    Шара соңында қордың құрылтайшы елдері келесі құжаттарға қол қойды:

    - Аралды құтқару халықаралық қорының негізін қалаушы елдер басшыларының Душанбедегі мәлімдемесі;

    - Аралды құтқару халықаралық қорының Құрылтайшы мемлекеттері басшылары Кеңесінің Тәжікстан Республикасының АҚХҚ-ге төрағалығының қорытындылары туралы шешімі;

    - Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы елдері көшбасшылары кеңесінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 2024-2026 жылдарға Аралды құтқару халықаралық қорының президенті етіп сайлау туралы шешімі.;

    - Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің Аралды құтқару халықаралық қорының ұйымдық құрылымы мен құқықтық негіздерін жетілдіру туралы шешімі.

    2024-2026 жылдары АҚХҚ-ға төрағалық Қазақстан Республикасына өтті.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates