Өзбекстан делегациясы Ауғанстанның уақытша үкіметінің өкілдерімен кездесті

    2021 жылы 30 ноябрьде Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Исматулла Иргашев басшылығындағы еліміздің делегациясы Қабул қаласына барып, Ауғанстан Уақытша үкіметінің өкілдерімен кездесті.

    Атап айтқанда, Министрлер Кабинетінің басшылығы, Сыртқы істер және Ішкі істер, Қоғамдық, Энергетика және Экономика министрліктерінің басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Мемлекеттегі болып жатқан қазіргі жағдайды, Ауғанстан халқына гуманитарлық және басқа да көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер, энергетика және көлік салаларындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды талқылады.

    Ауғанстан Уақытша үкіметінің өкілдері Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевқа осы қиын-қыстау кезеңде ауған халқын белсенді қолдап-қуаттағаны, мемлекетте бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға көмектескені үшін және жаңа үкімет тарапынан ауған елінде тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде көрсеткен іс-әрекеттері үшін шынайы алғыс білдірді.

    Өзбекстан тарапынан электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету, Өзбекстан-Ауғанстан мемлекет шекарасының жұмыс тәртібін жалғастыру, Мозори-Шариф халықаралық әуежайы қызметін қалпына келтіру, гуманитарлық көмекті дер кезінде көрсету бойынша атқарылып жатқан шараларға жоғары баға берді.

    Ауғанстан тарапы Өзбекстан бастамасымен басталған Сурхан-Пули-Хумри электр беру желісі мен Мозори-Шариф-Қабул-Пешавар теміржолының құрылысы сияқты инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды мүмкіндігінше тезірек бастауға дайын екенін қолдап-қуаттады. Бұл жобалар елдің аймақтық үдерістерге кезең-кезеңімен араласуының негізгі факторына айналған интеграция мен өзара тәуелділікке қызмет етеді.

    Ауғанстан өкілдері Өзбекстан тарапын Өзбекстанға және аймақтың басқа мемлекеттеріне, жалпы, әлем елдеріне қауіп-қатер ешқашан бұл мемлекет аймағынан келмейтініне сендірді.

    Ауғанстанның жаңа үкіметі Өзбекстанмен біргелікте екі мемлекет халықтарының ұлы бабалары — Әлішер Науаи (Герат), Захириддин Бабур (Қабул), Әбу Райхан Беруни (Ғазна) және Бабурахим Машраб (Тахор) қоным тапқан орындарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге дайын екенін білдірді. Мемлекет мектептері мен жоғары оқу орындарында өзбек тілін үйренуіне де айрықша көңіл бөлінеді.

    Ауғанстан тарапы аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде жолында екі мемлекет халқының мүддесі үшін Өзбекстанмен бауырластық және тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі қолдауға бел байлайтынын қуаттады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates