Осы жағдайды анықтау үшін Өзбекстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы Елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ұсталған Өзбекстан азаматтары, олардың қамауда ұстау орындары, қылмыстық жауапкершілікке тартылу себептері туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ Өзбекстанның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері қызметкрелері үшін консулдық кездесу өткізуді сұрап тиісті нота жолдады.
Өзбекстан Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігі, сондай-ақ Алматы және Ақтау қалаларындағы Бас консулдықтары Қазақстанның жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.