Өзбекстанның Энергетика министрлігіне EАЭO энергетика базарының келешегі туралы ақпарат берілді

    Энергия 7 Fevral 2022 2114

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев қатысқан Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде еліміздің Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бақылаушы мәртебесін алғанына екі жыл болды. Бұл 2020 жылдың 11 декабрі еді.

    Елдің ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесі бізге диалог пен практикалық ынтымақтастықтың сапалы жаңа кезеңіне шығуға, Кеңес аясында болып жатқан динамикалық үдерістерді тереңірек және жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

    Солай етіп, Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2021-2023 жылдарға арналған ынтымақтастықтағы қызметінің жоспарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясының Энергетика департаменті Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігі өкілдері үшін Еуразялық экономикалық одақтың жалпы энергетика базарының істеу болашағы тұсаукесерін өткізді.

    Таныстырылым барысында тараптар Өзбекстан Республикасының ЕАЭО ортақ энергетикалық базарына қосылуының ықтималды салдары туралы пікір алысты.

    Сондай-ақ интеграциялық үдерістерді тереңдету және жоғарыда аталған базарға қосылудың кері салдарын азайту бойынша жұмысты жалғастыруға келісілді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ескерте кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) – халықаралық құқықтық субъектке ие болған және 2014 жылғы 29 майда Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшарт негізінде ұйымдастырылған аймақтық экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.

    Қазіргі уақытта EАЭO өз құрамында бес мемлекетті қамтиды: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.