Күні кеше Мемлекет басшылары Самарқандтың көрнекті орындарын аралады. Бүгін өткен мазмұнды келіссөздер барысында ынтымақтастықты дамытудың басым және болашағы зор бағыттары айқындалып, екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Іс-шаралар аяқталған соң, Самарқанд халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өзі шығарып салды.

Осылайша, Мемлекет басшысы Самарқанд сапарын тәмамдап, Ташкентке қайта оралды.