Делегацияларға Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғайрат Фозилов пен Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің сыртқы істер бойынша Мемлекеттік хатшысы Манлио Ди Стефано басшылық етті.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен Италия арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа салалардағы қарым-қатынастардың жағдайы мен даму болашақтары жан-жақты талқыланды.
Экономикалық дипломатияны жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты өзара тауар айналымының көлемін ұлғайту, болашағы зор біріккен инвестициялық жобалар мен сауда келісімдерін жүзеге асыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.
БҰҰ, Еуропа Одағы, «Италия — Орталық Азия» диалогы, тағы басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ынтымақтастықтың ерекше жақтары талданды.
Мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, ғылым және білім беру мекемелері арасындағы байланысты кеңейтуге екі тараптың бірдей мүдделі екені айтылды.
Сондай-ақ, тараптар тиісті және іс жүзіндік құжаттарды әзірлеу арқылы екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізін кеңейту жөнінде де пікір алысты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.