Өзбекстанның Ұлттық медиа бірлестігі тарапынан «Радиодағы ұлттық контенттің орны» тақырыбында халықаралық конференция өтті

    Арадан қаншама уақыт өтсе де, ХХІ ғасырда жаңа-жаңа технологиялар жаратылса да, радио өз маңызын жойған жоқ.

    Бүгінде радио кіріп бармаған отбасының өзі жоқ. Интернет желісі мен ұялы телефон аппараттарының жаңғыруының арқасында радиомен қамту кеңейді және одан да тиімді пайдалану мүмкіндіктері пайда болды. Радионың алғаш рет әуе толқынына шыққанына жүз жылдан астам уақыт өтті. ХХІ ғасырда жаңа жаңа технологиялар жаратылса да, радио өз маңызын жойған жоқ.

    Бұқаралық ақпарат құралдарында заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалана отырып, радиода ұлттық медиа өнімдерін көбейту және радио тыңдаушылар аудиториясын кеңейту мақсатында Өзбекстан Ұлттық медиа білестігі тарапынан 13 февраль — Бүкіл дүниежүзілік радио күніне байланысты «Радиодағы ұлттық контенттің орны» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

    Оған Бірлестікке мүше телерадиожурналистері, жергілікті және шетелдік сарапшылар қатысты. Конференцияда сөз сөйлеген Бірлестік төрағасы Шерзодхан Қудратхужа барша радиожурналистерді мерекелерімен құттықтап, ұйымға мүше радиоарналардың қызметі, олардың әлеуметтік-саяси, мәдени-танымдық хабарларының көбеюі туралы өз ойын білдірді. Содан соң, Бүкіл дүниежүзілік радио күнінің негізін қалаушылардың бірі Хорхе Альварес (Испания) «Zoom» арқылы байланысқа шығып барлық өзбек радио журналистерін мерекемен құттықтады.

    Конференцияға ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы өкілеттігінің өкілі Аннет Оболенский қатысып, еліміздегі радиостанцияларға тоқталып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Шығыс Еуропа радио инженерлерінің бірлестігі "IEEBE" төрағасы Давид Робакидзе (Грузия), және халықаралық сарапшы Рави Г.Дани (АҚШ) өз баяндамаларымен қатысты.

    Шара барысында, Радио бағытындағы жаңа жобалардың тұсаукесері және мәдени көңілашар қойылымдары да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, радиожурналист Навфал Болтаевтың «Онлайн радио мен дәстүрлі радионың айырмашылығы» тақырыбында баяндамасы тыңдалып, радиожүргізуші Олимхужа Азимов «Хит фм» радиосының тұсаукесерін және Бірлестік тарапынан дайындаған «Тарихың мың ғасырлар» атты жаңа жобаның тұсаукесері өтті.

    Сондай-ақ Бірлестік дайындаған Өзбекстан тарихы, тарихи деректер мен Жәдидшілердің шығармашылық мұрасын қалың жұртшылыққа насихаттау мақсатында «Тарихың – мың ғасырлар» бағдарламасының 50 саны мүше радиоарналардың эфирлік бағдарламаларына ұсынылды. Бірлестік мүшелері «Өзбекстан Ұлттық медиа бірлестігінің 20 жылдығы» естелік төсбелгісімен марапатталды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates