Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фуркат Сидиқов пен Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Батсумбер Мунхжин басшылығындағы делегациялар түрлі салалардағы Өзбекстан-Моңғолия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.
Саяси байланыстарды жандандыруға, парламентаралық диалогты дамытуға және келісімшарттық-құқықтық базаны кеңейтуге өзара мүдделі екені айтылды.
Тараптар халықаралық және аумақтық күн тәртібі, халықаралық институттар аясындағы өзара ынтымақтастықтың түрлі жақтары туралы пікір алысты.
Тараптар сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық әлеуетін одан әрі тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ кеңесулер барысында мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынастарды дамыту бойынша ұсыныстар қаралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.