Биыл ол «Күрделі әлемдегі тұрақты даму» жалпы ұранымен өтуде.

Жиналыстың күн тәртібіндегі сұрақтарға орай, 25-26 сентябрь күндері «Инфрақұрылымдық саласында инвестициялар тапшылығын жоюдағы халықаралық қаржы институттарының рөлі» және «Орталық Азияның су-энергетикалық проблемасы: Өзбекстанда тұрақты дамуды қамтамасыз ету» тақырыптарында өтуде.

Сонымен қатар, Банк Басқарушылары арасында бизнес-сессиясы өтті, онда Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі, Өзбекстан Республикасының АИИБ Басқарушысы Лазиз Қудратов қатысушыларды Өзбекстанда инвестиция және кәсіпкерлердің қызметіне жасалған қолайлылықтармен, енгізілген жеңілдіктермен, преференциялар, сондай-ақ елімізде конституциялық деңгейде орнатылған инвесторлар құқықының кепілдіктерімен толық таныстырды.

Бұл ретте, ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік және жеке жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту, білім беру және адами капиталды дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Өзбекстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін құру жобаларын қаржыландыру ұсынылды.

Өзбекстан Республикасының Банктің кезектегі Жылдық жиналысын 2024 жылдың 25-26 сентябрь күндері Самарқант қаласында өткізу бойынша ұсынысын мақұлдау туралы АИИБ Басқару кеңестің қабылдаған қаулысы жиналысының негізгі мәселелерінің бірі болды.

Дауыс берудің нәтижелеріне орай, Өзбекстан Республикасы Лазиз Қудратов АИИБ Басқару кеңесі төрағасы етіп сайланды.

 ​​— «Банк Кеңесі  Банктің келесі жылдық жиналысын Самарқант қаласында өткізу туралы қаулы қабылдағанына шын жүректен қуаныштымын. «Өзбекстан мұндай шараларды халықаралық деңгейде өткізу бойынша үлкен тәжірибеге ие және  шара жоғары деңгейде өтуіне сенімдімін», — деді АИИБ ​​Президенті Цинь Лицюнь.

Шара аясында республиканың инвестициялық және туристік әлеуетін айқын көрсететін Өзбекстанның ұлттық стенді орнатылды.

Шара барысында Лазиз Қудратов Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкінің басшылығымен кездесті.

Тараптар энергетика, инфрақұрылымды дамыту, көлік және медицина сияқты салалардағы жалпы құны 2,4 миллиард доллардан асатын 13 жобаны қамтыған АИИБ-ның Өзбекстандағы ағымдағы инвестициялық қызметтің өсуінің оң динамикасын құптады.

Банк басшылығы Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан әкімшілік реформаларды жоғары бағалады және АИИБ біздің елмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Бұл ретте, мемлекеттік кепілдіксіз жобаларды қаржыландырудың көлемін дәйекті өсуі атап өтілді.

Анықтама үшін: 2023 жылдың март айынан бастап бүгінгі күнге дейін банк энергетикалық жобаларды жүзеге асыру аясында мемлекеттік кепілдіксіз 415 миллион долларлық 3 несие желісін мақұлдады.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар біріккен жобаларды сапалы жүзеге асыруға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуға бағытталған белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.