Алдағы жоғары деңгейдегі кездесуде Сауд Арабиясы Корольдігі, Бахрейн Корольдігі, Қатар Мемлекеті, Кувейт Мемлекеті, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман Сұлтандығы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан басшылары және Кеңестің Бас хатшысы алдағы жоғары деңгейдегі отырысқа қатысады деп күтілуде.
Күн тәртібіне сәйкес саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралады. Халықаралық және аймақтық саясаттың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасылады.
Саммит аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.