Шавкат Мирзиёев Америка-Өзбекстан сауда палатасының төрағасымен кездесті

    Билік 19 Sentabr 2023 3081

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары аясында 18 қыркүйекте Америка-Өзбекстан сауда палатасының төрағасы Кэролин Лемммен кездесу өткізді.

    Шараға «GE HealthCare», «Oppenheimer», «Cerberus», «CNH» және «Cintana» корпорацияларының басшылары да қатысты.

    Өзбекстан басшысы кездесуге қатысушыларды Америка-Өзбекстан сауда палатасының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, бұл құрылым екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    Осы жылдың 15 қыркүйегінде Вашингтонда 250-ден астам АҚШ компаниялары мен банктері өкілдерінің қатысуымен өткен бірлескен бизнес-форумның табысты нәтижелері атап өтілді.

    Палата төрағасы Кэролин Лемм Мемлекет басшысына америкалық бизнестің Өзбекстанға деген қызығушылығы мен сенімін арттыруға қызмет ететін артқа қайтпайтын реформалар бағдарламасын жүзеге асырудағы саяси көшбасшылығы үшін алғысын білдірді. Кейінгі бірнеше жылда палатаға АҚШ-тың ірі компаниялары кіргені, олардың жалпы саны 50-ге жеткені айтылды.

    Кездесуде АҚШ бизнесінің Өзбекстандағы қызметін кеңейту бойынша нақты жоспарлары талқыланды.

    Кездесу соңында бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін «жол карталарын» қабылдауға келісілді.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates