Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов төрағалық еткен іс-шараға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиян, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ өзге мемлекеттердің басшылары, үкімет өкілдері, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Өзбекстан Президенті өз сөзінде Түркіменстанды тұрақты бейтараптықтың 30 жылдығымен құттықтап, бұл айрықша дата Түркіменстанның әлемнің барлық елдерімен бейбіт, сенімді, достық және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қашанда адал екенінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
– Түркімен халқының заманауи болмысының ажырамас бөлігіне айналған Түркіменстанның бейтараптығы оның терең тарихи дәстүрлеріне, мәдени және рухани құндылықтарына, кеңпейілділік және тату көршілік сынды асыл қасиеттеріне сүйенеді, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Түркіменстанның Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп Бейбітшілік және бейтараптық университетін құру жөніндегі бастамасы қолдау тапты.
Мемлекет басшысы Жаңа Өзбекстан үшін әлемге ашықтық, өзара құрмет және диалогқа ұмтылу іргелі құндылықтар екенін атап өтті. Бұған дәлел ретінде жалпы қауіпсіздік пен өркендеу жолында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Самарқан бастамасының ұсынылғанын айтуға болады. Бұл бастама адамзаттың болашағына бейжай қарамайтын, бейбітшілік, татулық және тұрақты даму жолында талпынатын барлық тараптарды бір арнаға тоғысуға бағытталған.
Бұдан бөлек, еліміздің Қосылмау қозғалысындағы алдағы төрағалығы кезеңінде Өзбекстан бейбітшілік пен зорлық-зомбылықтан аулақ болу мәдениетін қолдауға бағытталған жаһандық қозғалысты ілгерілету, саяси диалог негізінде мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту, әлемде төзімділік, татулық және бірлік рухын қалыптастыруға көмек беруді ең басты бағыттар ретінде көздеп отыр.
Төрағалық барысында, сондай-ақ келер ұрпақтар мүддесі үшін жанжалдарды шешу бойынша күш-жігерді қолдау мақсатында 2027 жылды Превентив дипломатия жылы деп жариялау жоспарланған. Оның аясында конференциялар мен форумдар өткізу, парламенттік, қоғамдық және жастар делегацияларының өзара алмасуын қамтитын іс-шаралар бағдарламасы қабылданады.
Мемлекет басшысы қазіргі әлемдегі шиеленіс сақталып, мемлекеттер арасындағы сенім әлсіреп баражатқан жағдайда бейбітсүйер әрі арағайындық қағидаттарына ортақ адалдық бұрынғыдан да өзекті екенін атап өтті. Дәл осы себепті Өзбекстан Түркіменстанның 2025 жылды «Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы» деп жариялау жайлы ұсынысын қолдап, БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті резолюциясының тең құқылы авторы болды.
Өзара сенім, құрмет және ынтымақ қағидаттары Орталық Азияны бейбітшілік, серіктестік және тату көршілік аймағына айналдыру жолындағы саясаттың да негізі екені баса айтылды.
– Өткен айда Ташкентте өткен аймақ елдері басшыларының жетінші Консультативтік кездесуi ынтымақтастықты нығайту, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлескен қадамдар жасауға, көпқырлы экономикалық серіктестікті кеңейтуге дайын екенімізді тағы бір мәрте дәлелдеді, – деді Шавкат Мирзиёев.
Осы тұрғыдан алғанда, Түркіменстанның сындарлы және бейбітсүйгіш саясаты Орталық Азияда тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етудің маңызды факторы екеніне айрықша назар аударылды.
Мемлекет басшысы Түркіменстанның бейбітшілік пен сенім секілді асыл идеялар бар болған бұл бастамалары Ашхабадтың аймақ мемлекеттер басшыларының Консультативтік кездесулері форматыдағы төрағалығы дәуірінде күн тәртібінен лайықты орын аларына сенім білдіріді.
Мемлекет басшысы өзара сыйластық, сенім және бірлікке негізделген гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап, келесі жылы Ташкентте «Мәдениеттер диалогы» атты бірлескен халықаралық гуманитарлық форум өткізу және «Жастар бейбітшілік пен сенім жолында» аймақтық бағдарламасын іске қосуды ұсынды.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Өзбекстан әлемде әділетті және тұрақты тәртіп орнатуға бұдан былай да өз үлесін қосуға дайын екенін атап өтті.