Шараға әлемнің 170-тен астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, беделді халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының жетекшілері қатысуда.

Сөзінің басында Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы мен халқын ұлттық мерекелерсі және тарихи саммиттің сәтті ұйымдастырылуымен шын жүректен құттықтап, Әмірліктердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық бастамалары мен «жасыл» дамуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Өзбекстан Президенті атап өткендей, климаттық проблемалар әлемдегі тұрақты дамудың басты қауіпіне айналды. Климаттың өзгеруінің жағымсыз салдары әсіресе Орталық Азия мен көршілес аймақтарда қазіргі замандағы ең ауыр экологиялық дағдарыстардың бірі – Арал трагедиясы салдарынан қатты сезілуде.

Мемлекет басшысы жиналғандардың назарын кейбір деректерге аударды.

Мысалы, Орталық Азиядағы температураның жоғарылауы әлемдік орташа деңгейден екі есе жоғары, соңғы жылдары өте ыстық күндер саны екі есеге артты, мұздықтардың үштен бірі еріп кетті.

Топырақ эрозиясы, тұрақты шаң-құмды дауылдар, ауыз су тапшылығы, ауаның ластануы, биоәртүрліліктің азаюы, өнімділіктің күрт төмендеуі және басқа да көптеген мәселелер аймақта тұратын миллиондаған адамдардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді.

Президент «жасыл» экономикаға көшу және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Жаңа Өзбекстанның басым стратегиялық міндеті екенін атап өтті.

Соңғы жылдары Өзбекстанда баламалы энергияның үлесі екі есеге артты. 2030 жылға қарай 25 гигаватт жаңартылатын энергия көздері салынады. «Жасыл» сутегі өндіру жобасы бойынша алғашқы практикалық қадамдар жасалды.

Сонымен қатар, «Жасыл кеңістік» бастамасы аясында Өзбекстанда 1 миллиард көшет отырғызылуда. Арал теңізінің құрғаған аймағына берік қорғаныс қалқанын құру мақсатында 2 млн гектар аумақта орман өсірудің арқасында Арал өңірінде ауаның ластануы азаюда.

Шара күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге көшкен тұста Өзбекстан басшысы бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Париж келісімі аясында Климаттың өзгеруіне бейімделудің жаһандық тетігі туралы келісімді тезірек жасауға шақырды.

Осы тұрғыда Орталық Азиядағы климаттық диалог платформасында әзірленіп жатқан Бейімделу стратегиясы атап өтілді.

Мемлекет басшысы кеше «Шығындар мен залалдар» жаһандық қорын құру туралы қабылданған шешімді жоғары бағалады.

Бұл тетіктерді Дүниежүзілік банк пен халықаралық қаржы институттарының қолдауы, ең алдымен, климаттың өзгеруінен қатты зардап шегетін елдерге айтарлықтай көмек көрсетеді.

Жаһандық ауқымдағы көміртекті төмен экономикаға көшу әділ, ашық және инклюзивті болуы керектігі және дамушы елдердің мүдделері ескерілуі керектігі айтылды.

Бұл өзекті мәселені тұрақты түрде, оның ішінде «Үлкен жетілік» және «Үлкен жиырмалық» форматтарының күн тәртібінде қарастыру ұсынылды.

Мемлекет басшысы Арал аймағын инновациялар, технологиялар және жаңа мүмкіндіктер аймағына айналдыру үшін баршаны осында озық білім, тәжірибе мен шешімдерді қолдану мақсатында климаттық технологиялардың халықаралық экспо-хабын құруда тығыз ынтымақтастыққа шақырды.

Сонымен қатар, Президент Ташкенттегі «Жасыл университет» негізінде ұйымдастырылған климаттық ғылыми форум аясында тығыз ғылыми алмасулар мен бірлескен зерттеулер жүргізуге шақырды.

Форумның күн тәртібінде жер деградациясының алдын алу, суды ұтымды пайдалану, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да өзекті мәселелер тұр.

Сондай-ақ 2024 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымымен Өзбекстанда «Климаттық көші-қон» тақырыбында конференция өткізу жоспарланған.

Мемлекет басшысы Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесе отырып, «Жасыл жұмыспен қамту» бағдарламасын әзірлеу және климаттың өзгеруінің халықты жұмыспен қамтуға әсерін модельдеу орталығын құру туралы бастама көтерді.

Климаттық проблемаларды тиімді шешуге белсенді жастарды тарту үшін Өзбекстан БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясының Жастар форумын ұйымдастыруға дайын екендігі айтылды.

Мемлекет басшысы Өзбекстанның әрқашан климаттың өзгеруімен күресудің әмбебап идеяларын жақтайтынын қуаттай отырып, келесі жылы Самарқанд халықаралық климаттық форумын өткізуге және Орталық Азия елдерінің ортақ көзқарастарын білдіретін БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарын қабылдауды қолдауға шақырды.

Сөзінің соңында Президент Шавкат Мирзиёев Дубайдағы саммит нәтижелері планетамыздың тұрақты, гүлденген және қауіпсіз болашағын қамтамасыз ету үшін барлық елдер мен халықтарды жақындастыруға қызмет ететініне сенім білдірді.