Мемлекет басшысы Имран Ханмен телефон арқылы сөйлесті

    Билік 26 Oktabr 2021 3941

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 26 қазанда Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Ханмен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Пәкістан үкіметінің басшысы Өзбекстан басшысын сайлау науқанының сәтті өтуімен және президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтап, достас Өзбекстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    Өзбекстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі екіжақты ынтымақтастықта тұрақты даму үрдісі бар екенін ерекше атап өтті.

    Биыл шілде айында Ташкентте өткен саммит барысындағы нәтижелі кездесулер көп қырлы Өзбекстан-Пәкістан қарым-қатынастарын нақты мазмұнмен байытып, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерді.

    Екіжақты сауда көрсеткіштерінің артып келе жатқаны, екі елдің жетекші компаниялары арасындағы өндірістік кооперацияның ауқымы кеңейіп жатқаны сөз болды. Инвестиция, банк-қаржы, көлік және коммуникация, гуманитарлық және басқа да салаларда жаңа жобалар мен бағдарламалар әзірленуде.

    Сұхбат барысында тараптар Ауғанстандағы жағдай жөнінде де пікір алмасты. Осы елде бейбітшілік пен әлеуметтік-экономикалық дамуды ілгерілету үшін халықаралық күш-жігерді біріктіру маңызды екені айтылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates