Қатар делегациясы жоғары деңгейдегі келісімдер аясында Өзбекстанда сапармен жүр.
Өзбекстанда перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Бұхарада заманауи қонақ үй кешенін, Ташкентте ірі логистикалық орталық, сауда және тұрғын үй кешенін салу, жоғары жылдамдықты автомобиль және теміржол инфрақұрылымын салу, әуежайларды жаңғырту, сонымен қатар энергетика, металлургия, тоқыма өнеркәсібі, мал шаруашылығы, құрылыс материалдарын шығару және басқа жобалар солар қатарында.
Сондай-ақ аталған жобаларды қаржылай қолдау үшін бірлескен қор құру жоспарлары да талқыланды.
Жобалар бірлескен «жол картасы» негізінде жүзеге асырылады.