Сапар бағдарламасына сәйкес, Токио қаласында Жапония Императоры Нарухито, Премьер-министр Санаэ Такаичи, Парламент басшылығы, үкімет мүшелері, саяси партия өкілдері және жетекші университеттердің ректорларымен кездесулер мен келіссөздер өткізу жоспарланған.

Күн тәртібінде Өзбекстан–Жапония стратегиялық серіктестігін және көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен дамыту мәселелері қаралады.

Іскерлік бағдарлама аясында Жапонияның ірі компаниялары мен қаржы институттарының басшылары қатысатын кездесулер мен іс-шаралар өтеді. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері жан-жақты талқыланады. Сондай-ақ екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасын қабылдау күтіліп отыр.

Өзбекстан Президенті, бұдан бөлек, «Орталық Азия + Жапония» форматындағы Мемлекет басшыларының алғашқы саммитіне қатысады. Саммит аясында «жасыл экономика», орнықты даму, өзара байланыстылық пен өңірлік әріптестікті нығайту, сондай-ақ адами ресурстарды дамыту сияқты басым бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланады.

Саммит қорытындысы бойынша Токио декларациясын қабылдау жоспарланған.