Мемлекет басшысы Ресей, Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшыларымен бірге «Павловск», «Царское село» және «Петергоф» мұражай-қорықтарын аралады.

XVIII-XIX ғасырларда салынған бұл тарихи ескерткіштер сәулет және бау-бақша өнерінің жауһарлары ретінде танылған ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Тарихи ескерткіштермен танысу барысында Мемлекет басшыларына сарайлардың тарихы, олардың ішкі безендірілуі мен көркем коллекциялары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Жоғары мәртебелі меймандардың назарына музыкалық және фольклорлық ұжымдар қойылымы ұсынылды.