Келіссөздер барысында тиімді жұмысқа негізделген әріптестікті кеңейту, энергетика саласына заманауи технологиялар мен инженерлік шешімдерді енгізуге қаратылған өзара тиімді кооперациялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Қытай компанияларының Өзбекстандағы жобаларды іске асыруға қызығушылығы күн санап артып келеді. Биыл ел экономикасына Қытайдан 15 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тарту жоспарланған, ал бірлескен жобалар портфелі әлдеқайда ауқымды – шамамен 90 миллиард долларды құрайды.

Көп қырлы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі ретінде энергетика саласына ерекше назар аударылды. Қытайлық серіктестер қатысуында жалпы қуаты шамамен 10 гигаватт, құны 9 миллиард доллардан асатын 30-дан астам жоба орындалып отыр. Бүгін қосымша шамамен 2 миллиард долларлық 14 жоба іске қосылды.

«China Datang» компаниясының президенті Джоу Юаньлунмен қолданыстағы фотоэлектр станцияларын кеңейту, жаңаларын салу және қосымша энергия сақтау қуаттарын құру жоспарлары талқыланды.

Компанияның кадрлар даярлау, ғылыми-зерттеу зертханасын ашу, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығында жаңғыртылатын энергия технологияларын енгізу жөніндегі бастамалары қолдау тапты.

«China Energy Engineering Corporation» компаниясы басшысы Сью Льюменсұхбат барысында еліміздің өңірлерінде күн электр станциялары мен энергия сақтау жүйелерін салу бойынша бірлескен жұмыстар жоғары бағаланды.

Баламалы энергетиканы және жоғары кернеулі желілерді дамыту жобаларын ілгерілету маңызды екені атап өтілді.

«Sinoma Energy» компаниясының төрағасы Мэн Циньлин жел электр станциясы және жел турбиналарының қалақтарын жергіліктендіруге арналған зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ химия және құрылыс өнеркәсібіндегі қалдықтарды тазарту бойынша компания ұсынып отырған технологиялық шешімдер талқыланды. Аталған жобалар бойынша жұмысты жеделдету қажеттігі айтылды.

«Universal Energy» компаниясының бас директоры Нан Йимен республика өңірлерінде жел электр станцияларын салуды жеделдету шаралары қаралды.

«China General Technology» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Кан Хубяомен жаңадан іске қосылған когенерация станциясын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Компанияның Өзбекстандағы инвестициялық қызметін кеңейту жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Мемлекет басшысы «Poly Changda Engineering» компаниясы бас директоры Мяо Цзечунның келесі жылы бүгін іске қосылған күн электр станциясының қисынды жалғасы ретінде энергия сақтау жүйесін салу жөніндегі жоспарларын қолдады.