Мемлекет басшысы Будапешт қаласында Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан және Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті, сондай-ақ «OTP» банкінің басқарма төрағасы Шандор Чаньиді қабылдады.

Мемлекет басшысы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына барып, шетелдік делегация жетекшілерімен пікір алмасты. Сондай-ақ Венгрияның ұлттық мерекесі – Әулие Иштван күніне арналған іс-шараларға қатысты.

Сапар шаралары аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.