Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының отыз төртінші жалпы мәжілісі өтті

    Ел назарында 9 Noyabr 2022 1066

    2022 жылғы 9 ноябрінде Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының отыз төртінші жалпы мәжілісі өтті.

    Оған сенаторлар, үкімет мүшелері, министрліктер мен кеңселердің өкілдері, Сенат құзырындағы Жастар парламентінің мүшелері, БАҚ қызметкерлері қатысты.

    Бейнеконференцбайланы форматында өткен жалпы мәжілісті Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Сенаторлар «ТУРКСОЙ құрылымы мен қызмет көрсету қағидаттары туралы Келімімшартты (Алматы, 1993 жыл 12 июль) ратификациялау туралы» Заңды қарады.

    Алты мемлекет тарапынан қол қойылған Келісім Халықаралық түркі мәдениет ұйымының (ТУРКСОЙ) құрылтай құжаты болып саналады.

    ТҮРКСОЙ-дың негізгі мақсаты – түркі тілдес елдер мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті жақсарту, көпжақты мәдени байланыстарды одан әрі жақындастыру және нығайту, болашақ ұрпақты ұлттық мәдениеттің қайнар көздерімен таныстыру.

    Талқылау барысында Өзбекстанның бұл ұйыммен ынтымақтастықта бай және тиімді тәжірибесі жинақталғаны айтылды.

    Сенаторлар келісімнің ратификациялануында Өзбекстанның серіктес елдермен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дәйекті түрде нығайтуға адалдығының тағы бір дәлелі болуын атап өтті.

    Заңды сенаторлар мақұлдады.

    Осымен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының отыз төртінші жалпы мәжілісі өз жұмысын аяқтады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.