Салтанатты жиында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева сөз сөйледі.
Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасының спикері Ассамблея қысқа уақыт ішінде ТМД елдеріндегі парламент мүшелерінің өзара ынтымақтастықтың тиімді механизміне айналып, әлемдік парламентаризм жүйесінде өзінің лайықты орнын алғанын атап өтті.
ТМД Өзбекстан үшін Достастық елдері азаматтарының мүддесі жолында ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша іс жүзіндік ынтымақтастықты тереңдету үшін тиімді алаң болып табылады, – деді Сенат Төрайымы Т. Нарбаева.
Өзбекстан үлкен парламенттік отбасының белсенді мүшесі болып қана қоймай, ТМД аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға да лайықты үлес қосып отырғаны атап өтілді.
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу туралы» қаулысы мәжілісте қаралған негізгі мәселелердің бірі болды.
Мәжілісте денсаулық сақтау, сайлау өткізу, сайлау үдерісі, тағы басқа да мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.