Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға мүше болу үдерісі үшжақты жиналыста талқыланды

    Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінде министрдің орынбасары Бадриддин Абидов және Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болу бойынша Жұмысшы топың төрасы, Корея Республикасының Женевадағы елшісі Ли Техо және ДСҰ Хатшылығының Ұйымға мүше болу бөлімі директоры Майка Ошикава арасында бейнеконференцбайланыс арқылы үшжақты кездесу өтті.

    Кездесуде Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болудың бүгінгі жағдайы мен мемлекетіміздің Ұйымға мүше болу бойынеша Жұмысшы топтың 6-жиналысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

    Сұхбатқа қатысушыларға Жұмысшы топтың кезекті жиналысын ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат берілді. Жұмысшы топтың 6-жиналысын өткізу үшін Өзбекстан тарапынан ДСҰ Хатшылығы мен Ұйымға мүше елдерге барлық қажетті құжаттарды тапсырылғаны ерекше атап өтілді. Атап өткендей, ДСҰ-ға мүше мемлекеттермен екіжақты келіссөздер мен алдын ала жоспарланған шараларды дер кезіндеу ұйымдастыру мақсатында ұйым хатшылығымен кеңесулер жүргізілуде.

    Кездесуде қажетті құжаттарды даярлау және Ұйымға мүше елдермен жүйелі ынтымақтастық аясында Өзбекстан тарапынан атқарылған салмақты істердің ауқымы тілге тиек етілді. Тараптар, сондай-ақ Ұйымның шаралары көп болуына қарамай, Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуы бойынша Жұмысшы топтың 6-жиналысын ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты көмек көрсетуге және мемлекетіміздің Ұйымға кіру бойынша болашақтағы үдеріске кеңес және технкалық көмек көрсетуге толық дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates