Тараптар делегацияларына Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бахромжон Аълоев пен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин басшылық жасады.
Кеңесулердің қатысушылары Өзбекстан-Ресей стратегиялық серіктестік қарым-қатынастардың кең ауқымды мәселелерін, екі ел Басшылары кездесулерінің қорытындылары бойынша қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуын талқылады, сондай-ақ 2023 жылға арналған жоспарларды белгіледі.
Тараптар сындарлы саяси диалогты одан әрі жандандыруға дайын екендіктерін білдірді. Өзбекстан мен Ресей парламенттері, үкіметтері мен экономикалық құрылымдары өткізетін іс-шаралар кестесі қаралды.
Халықаралық институттар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға келісілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кеңесулерде мәдени-гуманитарлық алмасуларды жеделдетуге ерекше назар аударылды.