Өзбекстанның салауатты өмір салты мен фитнес ұлттық ассосиациясына негіз қаланды

    Спорт 19 Oktabr 2023 1373

    Елімізде халық арасында дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауды одан әрі күшейту мақсатында Өзбекстан салауатты өмір салты және фитнес ұлттық ассосиациясы құрылды.

    Үстіміздегі жылдың 18 октябрінде Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитетінде Ассосиацияның бірінші Конференциясы өтті.

    Шараны ҰОК Бас хатшысы Ойбек Касимов жүргізді. Онда Өзбекстан Республикасы Президенті Администрациясы департаментінің басшысы Одил Абдурахманов, Жастар саясаты және спорт министрінің орынбасары Дурдона Рахимова, Жастар істері агенттігі директорының орынбасары Дилнозахан Каттахонова, финтес және масрестлинг федерациясының жауапты өкілдері қатысты.

    Шарада Одил Абдурахманов Өзбекстанның Салауатты өмір салты және фитнес ұлттық ассосиациясының төрағасы болып сайланды.

    Күн тәртібіне сәйкес, Ассосиациясы төрағасының орынбасарларының құрамына Жастар саясаты және спорт министрінің бірінші орынбасары Алишер Садуллаев, Жахангир Наврузов, Мохир Каримов және Шахрух Далиевтер сайланды.

    Шарада сөз алған Дурдона Рахимова Жастар саясаты және спорт министрлігі осы ұйымның қызметін дамыту, жастар арасында кеңінен насихатталуына қолдау көрсететінін айтты. Сонымен қатар Өзбекстанның Салауатты өмір салты және фитнес ұлттық ассосиациясының Конференциясы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates