Сарымсақ қандағы қант мөлшерін тиімді түрде төмендетеді

    Қытайдың Оңтүстік-Шығыс университетінің ғалымдары сарымсақ қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін тиімді түрде қалыпқа келтіретінін анықтады. Зерттеу нәтижелері Nutrients журналында жарияланған.

    Зерттеушілер шөп өнімдері мен дәмдеуіштердің адамның кардиометаболикалық денсаулығына әсері (мета-талдау) тақырыбында бұрын жарияланған 29 ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдағаннан кейін осы шешімге келді. Зерттеуге түрлі елдерден жалпы 1567 адам қатысты. Еріктілердің жасы 18 бен 80 жас аралығында болды.

    Эксперименттерге дені сау адамдар да, 2 типті қант диабеті, ишемиялық артерия ауруы, бауырдың алкогольсіз май ауруы, инфаркт, семіздік, гипертония және поликистозды аналық без синдромы бар науқастар да қатысқаны атап өтілді. Зерттеулерде сарымсақ шикі және ұнтақ түрінде, сондай-ақ ескі экстракттар мен тамаққа қосымша түрде тұтынылған.

    Мета-талдауда сарымсақты жалпы тұтынуда оң әсерін тигізіп, қандағы қант пен холестерин деңгейін төмендетуге көмектескенін көрсетті. Ғалымдар сарымсақтың пайдалы қасиеттері оның ағзадағы аллицин деп аталатын органикалық бірікпенің синтезін жеделдету қабілетіне байланысты деп есептеді. Аллицин қан айналымын қалыпқа келтіреді, микробқа қарсы әсерге ие және бауырда триглицеридтердің (майлардың) пайда болуына жол бермейді, деп хабарлайды doctor.rambler.ru.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates