Неліктен қолды жиі жуу қажет?

    Пандемия кезінде қолды сабынмен үнемі жуу күн тәртібіне айналған еді. Бірақ қазір ше, бұл қарапайым гигиена ережесін көпшілік ұмытқан жоқ па?! Түрлі аурулардың алдын алуда қолды үнемі жуудың маңызы зор.

    Ең көптеген бактериялар қолдың алақанда жасайды. Адам ағзасындағы бактериялардың көпшілігі шаш пен қолға жиналады. Бактериялардың көпшілігі тырнақ астында, алақанның шетінде және тері қатпарларында болады.

    Таза қол терісінің бетіндегі микробтар 10 минут ішінде өледі. Егер қолдар лас болса, 95 пайыз жағдайда микробтар өмір сүріп, белсенді түрде көбейе алады.

    Ғалымдар оң және сол қолдарда мүлдем басқа-басқа микробтар өмір сүретінін де анықтаған.

    Кеңсе қызметкерінің қолында орта есеппен 10 миллион түрдегі бактерия болады.

    Бетінде ең көп бактериялар жиналатын заттар - ақша, телефон және есік тұтқалары. Өйткені олар тұрақты түрде айналымда және бір күнде бірнеше қолмен ұсталады. Алайда, ересектердің тек 27 пайызы ғана ақша ұстағаннан кейін қолдарын жуады екен.

    Заманауи технологиялардың дамуымен көптеген микроорганизмдер компьютерлер мен ноутбуктердің пернетақталарында, сондай-ақ қала тұрғындарының көпшілігі бір минутта қолынан тастамайтын ұялы телефондарында өмір сүреді. Мысалы, ұялы телефонның бетінде дәретханаға қарағанда 10 есе көп микробтар мен бактериялар бар.

    Қолды кем дегенде 20 минутта және жылы сумен жуу ұсынылады. Өте ыстық суда жуу қол гигиенасының тиімділігін арттырмайды. Керісінше, ыстық су зиянды және қолдың нәзік терісін құрғатып, қабынуына әкеледі.

    Өкінішке орай, қолды жиі жуу пайдалы микроорганизмдерді де өлтіреді. Біздің қолымызда ауру тудыратын бактериялар ғана емес, сонымен қатар денемізді қорғайтын пайдалы бактериялар да бар. Қолды шектен тыс көп жуу оларды да өлтіреді.

    Сонымен қатар, жуғыш заттарды жиі қолданудың салдарынан тері жарылып кетуі мүмкін және бұл жарықтар инфекциялар үшін өзіндік «кіретін есікке» айналуы мүмкін. Дегенмен, бұл қолды күніне бір немесе екі рет жуу керек дегенді білдірмейді, олар кірлеген сайын тазалау керек.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates