“Салауатты өмір салты” платформасына 100 миллиард сум бөлінеді

    Денсаулық 28 Yanvar 2022 2095

    «Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу сапасын арттыру іс-шаралары туралы» Президенттің қаулысына орай 2022 жылда:

    «Салауатты өмір салты» платформасын пайдаланушыларды ынталандыру, олардың санын одан әрі көбейту және осы бағыттағы жұмыстардың ауқымын одан әрі кеңейту мақсатында Мемлекеттік бюджеттен 100 миллиард сум бөлінеді.

    Аудандық және қалалық медициналық бiрлестiктердің зертханаларын мүмкіндігіне қарап коагулометрлермен және қажеттi реактивтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ «Дұрыс тамақтану және салауатты өмiр салтын қалыптастыру» бөлмелерін ашу үшiн әр ауданның (қаланың) бюджетiнен 350 миллион сумға дейiн қаражат бөлу көзделуде.

    Аудандық және қалалық медициналық бірлестіктердегі 4 түрдегі кардиологиялық құрал-жабдықтардың бар екендігін хаттамадан өткізу және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне республикалық бюджеттен 60 миллиард сумға дейін қаражат бөлінеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates