Тараптар инвестициялық, сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың бјгінгі күн тәртібін егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету іс-шараларына ерекше назар аударылды.

Мухаммед Захангир Алам Бангладеш компанияларының Өзбекстан базарына үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. «Бұл жерде бизнеспен айналысу үшін көптеген мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалуда», - деп өз бағасын берді дипломат. Осыған байланысты кездесуде  өнеркәсіптік кооперацияны жандандыру бойынша келісімге қол жеткізді. Қазіргі басқышта  әңгіме дайын өнімдерді үшінші  елдің базарына экспорт жасау мақсатында ауыл шаруашылығы, азыө-түлік, тоқымашылық, былғары-аяқ киім және фармацевтика салаларындағы жобаларды  жасау және бірлескен кәсіпорындарды құру туралы болып отыр.

Тараптарды қызықтырған басқа да бірқатар мәселелер де талқыланды. Мәселен, «Ташкент – Дакка – Ташкент» бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңыздылығы атап өтілді. Бұл өз кезегінде Ташкенттің Бангладештен ұшып келе жатқан транзиттік рейстері үшін  хаб ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді.

Кездесуде  Бангладештің “БиTиВи Ворлд”, «Банглавижн», «Джамуна Телевижн»  және  «ЭнТиВи Бангладеш» сынды белгілі телеарналары журналистерінің жарнама және промороликтері үшін медиа-контентті даярлау мақсатында Өзбекстанға сапарлары туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге көмектесетіні айтылды.

Өзбекстанға туристер ағынын арттыру мақсатында екі елдің ұлттық әуе компаниялары арасында код-шеринг  туралы келісімін (рейстерден  бірлесіп пайдалану туралы келісім) жасасу және Бангладеш азаматтары үшін елімізге кіруін жеңілдету үшін виза берудің электронды жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Өзбекстан-Бангладеш үкіметаралық комиссиясының 3-жиналысына дайындықты бастау туралы келісті, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.