Сұхбат басында Мемлекет басшысы Масуд Пезешкианды президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табыстар тіледі.
Өзбекстан-Иран қарым-қатынастарын одан әрі дамыту, сауда, инвестиция және көлік салаларындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Кейінгі жылдары сауда мен жүк тасымалы көлемінің, бірлескен жобалар мен кәсіпорындардың, әуе рейстерінің көбейіп келе жатқаны атап өтілді.
Бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және басқа да салалардағы ынтымақтастық жобаларын ілгерілетудің маңыздылығы сөз болды.
Сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.