Осыған орай Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луижи Ди Мае өзара құттықтау жолдады.
Өзбекстан Сыртқы істер министрі өз хатында өткен жылдар барысында екіжақты қарым-қатынастардың берік негізі қаланғаны, Еуропа Одағы, БҰҰ институттары, тағы басқа да халықаралық ұйымдар аясында жақсы ынтымақтастық орнағанын атап өтті.
Өзбекстан мен Италия арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды екі халық игілігі жолында кеңейту мен нығайтуға сенім білдірілді.
Италия Сыртқы істер министрі Өзбекстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық берік серіктестікке айналғаны, түрлі дәреже мен форматтағы сұхбаттар жолға қойылғаны бұған дәлел екені айтылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Италия Еуропа мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың нығаюын құптайды және Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды қолдайды», - делінген Луиджи Ди Маеның хатында.