Мемлекет басшысы Қазақстан Президентін маңызды саяси оқиға – ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтады.

Сұхбат барысында тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады, өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген, ең алдымен екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, ғылым-білім және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жобаларын ілгерілету бойынша уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, аймақтық ынтымақтастықтың келешегі, халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз және тиімді диалог талқыланды.