Бұл мемлекеттік сапар Өзбекстан – Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастары тарихында жаңа кезеңді бастап бергені атап өтілді.

Сапарға дайындық аясында Ташкентте Үкіметаралық комиссияның отырысы мен бизнес форумы, Қазақстан медицинасы күндері, қазақ фильмдерінің көрсетілімі, Астана күндері және бірқатар мәдени іс-шаралардың табысты өткені айтылды.

Жыл басынан бергі кезеңде өзара тауар айналымы 4 миллиард долларға жетті. Өзара сауда көлемін ұлғайту және импортты алмастыру есебінен бұл көрсеткішті 10 миллиард долларға жеткізу мақсаты қойылған. Жүк тасымалы көлемі артып келеді, қалалар арасында аптасына 40-тан астам әуе рейсі жүзеге асуда.

Соңғы жылдары 6,5 мың бірлескен кәсіпорын құрылып, басым салаларда ірі жобалар іске асырылуда. Өндірістік кооперацияны дамыту үшін құны 8 миллиард доллардан асатын жобалар пакеті дайындалды. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен инвестициялық платформаны іске қосу ұсынылды.

Келіссөздер барысында энергетика, көлік, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық технологиялар және өзге де маңызды бағыттарда өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге айрықша назар аударылды.

Өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызы атап өтілді. Екі ел өңірлері басшыларының алғашқы Кеңесін 2026 жылы Қазақстанда өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мемлекет басшылары аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты.