Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мәңгілік достық пен одақтастықты нығайту туралы тарихи декларацияға қол қойды.

Сонымен қатар, үкіметтер, министрліктер мен ведомстволар деңгейінде көп қырлы өзбек-тәжік ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге бағытталған 11 құжатқа қол қойылды.

Атап айтқанда:

- өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту бойынша «Жол картасы»;

- Мәдениет министрліктері арасындағы мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы 2022-2023 жылдарға арналған келісім;

- Өзбекстанның Жызақ облысы мен Тәжікстанның Соғды облысы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың «Жол картасы»;

- қоршаған ортаны қорғау және суды ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

- Жібек өсіру өнеркәсібіндегі ынтымақтастық туралы меморандум.