Шавкат Мирзияев пен Сердар Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті

    Билік 22 Sentabr 2022 6296

    22 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Мемлекет басшысы Түркіменстан Президентін туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен толағай табыс, ал бауырлас түркімен халқына амандық тіледі.

    Өзбекстан-Түркіменстан достығы, тату көршілік пен стратегиялық әріптестік қатынастарын одан әрі дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Алдағы жоғары деңгейдегі кездесулердің жан-жақты күн тәртібін дайындауға ерекше назар аударылды. Өзара тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету, мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламасын кеңейту мүмкіндіктері атап өтілді.

    Сондай-ақ Мемлекет басшылары өңірлік ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасты. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқанд саммитінің жемісті нәтижелері жоғары бағаланды.

    Сұхбат соңында Өзбекстан Президенті Түркіменстан Президенті мен халқын келе жатқан ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік, тұрақтылық, даму мен өркендеу тіледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates