Пхунг Дук Тиенмен сұхбат кезінде шие, алма, құрма, бадам, жаңғақ, пияз, сарымсақ және тағы басқа да өнімдерді жеткізуге фитосанитарлық рұқсат алуды жеделдетуді көздей отырып, Өзбекстаннан Вьетнам базарына жаңа үзілген және кептірілген жемістер мен көкөністер өнімі экспортын арттыру мәселелері қаралды.
Тараптар вьетнамдық мамандарды тарту арқылы Өзбекстанда күріш өсіруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және жаңа сорттарды енгізуді жалғастыруға, сондай-ақ Өзбекстан мен Вьетнам күріш ғылыми-зерттеу институттары арасындағы тұқым шаруашылығы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Въетнамдағы ерте пісетін сұрыптарды Өзбекстан жағдайына бейімдеу бағыты бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге келісілді.
Сонымен қатар, Қарақалпақстан ауылшаруашылығы және агротехнологиялар институтында Вьетнам Ұлттық ауыл шаруашылық университетімен ынтымақтастықта күріш өсірудің біріккен кафедрасы, Хорезм облысында күріштің құрғақшылыққа, сорлануға және Өзбекстанның басқа да топырақ-климаттық жағдайларына төзімді болған жаңа сұрыптарын көбейту үшін Өзбекстан-Вьетнам күріш орталығы құрылады.
Сонымен бірге, Вьетнам Ауыл шаруашылығы министрлігі топырақ жағдайын мониторингілеуге арналған агрохимиялық карталарды жасау бойынша өз тәжірибесімен бөліседі және агроөнеркәсіп саласында біріккен жобаларды жүзеге асыру мақсатында Вьетнам компаниялары мен заманауи технологияларды Өзбекстанға тартуға көмектеседі.
Ауыл шаруашылығы саласындағы барлық келісімдер мен бастамаларды сапалы жүзеге асыру мақсатында тараптар нақты механзмдерді, жауапты субъектілер мен мерзімдерді көрсетіп, екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктері арасында біріккен Ынтымақтастық бағдарламасын дайындайды.
Gelex Group компаниясының төрағасы Нгуен Лонгпен кездесуде баламалы энергия көздері, электротехника өнеркәсібі және заманалық құрылыс материалдарын өндіру салаларында біріккен жобаларды жүзеге асыру мәселелері көтерілді. Келіссөздер соңында тиісті жобалық құжаттарды әзірлеуді бастау туралы келісімге қол жеткізілді.
Дәл осындай сындарлы рухта Вьетнам электроника өнеркәсібі ассоциациясының атқарушы директоры Ду Тхимен келіссөздер жүргізілді. Вьетнам компанияларының қатысуымен біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша «Узелтексаноат» бірлестігімен Ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға келісілді. Олардың қатарында Өзбекстанның әртүрлі аймақтарында жартылай өткізгіш өнімдер, электронды өнеркәсіпке арналған баспа платалары, сондай-ақ LED чиптерін шығару өндірісі де бар.
Сол күні «Mareven Food Holdings» компаниясының директоры Нгуен Дуонгпен кездесу өтіп, онда «Ангрен» еркін экономикалық аймақта азық-түлік және салқын сусындар өндіру жобасын іске асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесулер соңында қатысушылар нақты іс-жүзіндк шараларды қабылдауға дайын екендіктерін айтып, алдағы ынтымақтастықтың форматын белгіледі.