"Дунё" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мақалада былай дейілген:
«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың үстіміздегі жылдың 18 апрель күні қабылданған «Өндірісті, экспорт пен кәсіпкерлік қызметін ынталандыру, сауда-өнеркәсіптік саясаттың тиімділігін арттыру іс-шаралары туралы» жарлығында «Алтын виза» беру туралы айтылған», - делінген мақалада.—Бұл мәселе жарлықтың 26-пункітінде көрсетілген”.
Құжатқа сәйкес, инвестицияларды ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 июнінен бастап шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға 250 мың доллар және олардың әрбір отбасы мүшелеріне (жұбайы перзенттері, ата-аналары) 150 мың АҚШ долларын төлеу арқылы Өзбекстанда жасау куәлігін 5 жыл мерзімге тұруға рұқсат беріледі.
Атап өткендей, “Олтин виза” бағдарламасы шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға, құқықтық кепілдіктер беруге, елдің инвестициялық ахуалын нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ елдің ашықтығына, капиталды қорғауға, тұрақты халықаралық экономикалық қатынастарды дамытуға зор үлес қосады.
"Айта кеткен жөн, соңғы сегіз жылда, халықаралық аренадағы қайшылықтарға қарамастан, ашық және прагматикалық сыртқы саясат жүргізу Өзбекстанның әлемдік аренадағы визиткасына айналды. Бұл ел, әсіресе, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жерге айналды. Өзінің көтеріліп келе жатқан экономикалық әлеуетімен осы бағытта Өзбекстан Орталық Азиядағы ең тартымды ел саналады, десек қателеспейміз”, деп жазған автор.
Әрине, шетелдік инвесторлардың сеніміне ие болу үшін оларға қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер, жеңілдіктер жасалуымыз қажет. Мұндай жанасу тек Өзбекстанда ғана емес, бүкіл әлем тәжірибесінде кең таралған.
2017 жылдан бастап Өзбекстанда қолайлы инвестициялық ортаны жарату мақсатында түбегейлі реформалар жүргізілуде. Жеке меншік иелерінің, соның ішінде инвесторлардың құқықтарының кепілдіктері жаңартылды, тіпті Өзбекстан Конституциясы да одан әрі нығайтылды. Сонымен қатар, соңғы жылдары шетел инвесторларын ынталандыруға қатысты мемлекетіміздің басшысының бірқатар қаулы мен жарлықтары, Өзбекстан Министрлер Кабинетінің тиісті құжаттары қабылданды” дейілген басылымда.
Нәтиже де көп күттірмеді. Бүгінде Өзбекстанның қай өлкесіне барсаңыз да жаңа инвестициялық жобалар мен бірлескен кәсіпорындарды кездестіресіз. Олар елдің өсіп-өркендеуіне қызмет етіп, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде, жаңа жұмыс орындарын ашуда, әлеуметтік нысандар салуға қызмет етуде.
«Бір сөзбен айтқанда, «Алтын виза» бағдарламасы республиканың еңбек ресурстары бар аумақтарда ұлттық экономиканы техникалық қайта жабдықтау, өндірісті жаңғыртуға, мемлекеттік нысандарды жекешелендіруге, жаңа жұмыс орындарын құруға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған», - делінген «El Mundo Financiero» мақаласында.






