«Өзбекстандағы ғимараттар үшін таза энергия» жобасы жүзеге асырылуда

    Энергия 27 Iyun 2022 1573

    Өзбекстан Республикасының Энергетика министрлігі Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігімен және Энергия үнемдеудің сектораралық қорымен бірлесіп «Өзбекстандағы ғимараттар үшін таза энергия» жобасын әзірледі. Ол Дүниежүзілік банктің 143 миллион доллар жеңілдетілген несиесінің қолдауымен жүзеге асырылады.

    Жобаны жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банкке мүше Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ) Өзбекстан үкіметіне төмен пайыз мөлшерлемемен, мерзімі 30 жыл, сондай-ақ, бес жылдық жеңілдетілген мерзіммен жеңілдетілген қаржыландыруды ұсынады.

    Биылғы 24-25 май күндері Өзбекстан Республикасы мен Халықаралық даму қауымдастық арасында несие бойынша келіссөздер жүргізді. Өзбекстан делегациясына Энергетика министрінің бірінші орынбасары Азим Ахмедхаджаев, Халықаралық даму қауымдастығының делегациясына Дүниежүзілік банктің аймақтық менеджері Марко Мантованелли басшылық жасады.

    Өзбекстанның қайта тіктелетін энергия көздері әлеуетін артыруда жетекші деңгейін, климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді халықаралық қауымдастықтың белсенді қолдап-қуаттауын, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру бойынша үлкен мақсаттарды ескере отырып, Дүниежүзі банкі Атқарушы директорлар кеңесі жобаны бір дауыстан қолдап-қуаттады және оны жүзеге асыру үшін Халықаралық даму қауымдастығының жеңілдетілген ресурстарынан ұзақ мерзімді несие бөлуді мақұлдады.

    Бұл жоба Өзбекстан Республикасында энергия үнемдеуге және энергия тиімділігін арттыруға инвестиция тарту үшін базарды жаратуда маңызды рөл атқару үшін әзірленген.

    Жоба еліміздің барлық аймақтарын қамтиды. Оның аясында мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру, халыққа білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы 800-ден астам мекемені жаңғырту жоспарлануда.

    Жобаның негізгі нәтижесі қоғамдық ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру, энергия үнемдеу мен таза энергия өндіруге ынталандырушы жобаларға инвестицияларды тарту тәртіп-ережелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруден құралады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің басапсөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates