Жоба Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 декабрьдегі «Ташкент қаласында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарымен жұмыс істеу саласындағы қызметті жетілдіру іс-шаралары туралы» қаулысына орай Азия Даму банкімен ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы алаңы 30 гектарды, ал полигонның өзі 25 гектарды құрайды.
Қоқытарды қайта тиеу және утилизация жасау бойынша «Махсутранс» филиалының басшысы Рафаэль Бекмуллиннің айтуынша, полигон мүлде жаңа технология негізінде жұмыс істейді.
«Полигонның бүкіл аумағы геотекстиль, геогрид және басқа да геоматериалдардан тұратын арнайы материалмен қапталады. Төменгі бөлігі тұрақты жабылған бассейн болып, жер асты суларына және атмосфераға теріс әсер етпейді.
—Арнайы материалдардан тыс, бұл жерде біз қалдықтан су шығаратын құбырларды төсейміз. Сондай-ақ, газ бен метанды құю үшін құбырлар орнатамыз, бұл болашақта метан мен электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді, — деді Р.Бекмуллин.
Полигон 15-20 жылға есептелген және шамамен 20 миллион тоннаға жуық қалдықты сыйдыра алады. Оның құрылысы ағымдағы жылдың ноябрь айында аяқталады.