Ертең, 10 декабрь күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында және Ферғана аңғары облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашын болады.

11 декабрьде республиканың солтүстігінде және шөлді аймақтарда кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, қалған аймақтарда жауын-шашын күтілмейді.

12 декабрьде  Бұхара, Науаи облыстарында, кешке қарай Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында жауын жауып, Қарақалпақстан Республикасының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың қалған аймақтарында жауын-шашын күтілмейді.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік және шөлді аймақтарда кей жерлерде 13-18-ге дейін , кей жерлерде 20-22 м/с күшейеді.

- 10 декабрь күні күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылы шамасында болса, 11-12 декабрь күні  ауа температурасы біртіндеп 13-15 градусқа дейін жылы, кей жерлерде 16-19 градусқа дейін көтеріледі.

10-11 декабрь күндері  ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, солтүстікте 5-10 градус суық, 12 декабрьде  2-7 градус жылы болады.

9-10 декабрь күндері  тау бөктерінде және таулы аймақтарда өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты болады. 9 декабрь қар көшкіні болу қаупі бар.

Ташкентте: 9 декабрь түнде және таңертең 10 декабрь өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде 0-2 градусқа дейін, күндіз 4-7 градусқа дейін жылы болады.

11 декабрь жауын-шашын күтілмейді, 12 декабрьде  кешке қарай жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 11 декабрь ауа температурасы түнде 0-2 градус суық, күндіз 8-10 градус жылы, 12 декабрьде түнде 4-6 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы болады.

Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.