Өзбекстанда инвестициялық тартымдылықты арттыру жобасы жүзеге асырылуда

    Үстіміздегі жылдың 6 мартында Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Ташкент қаласында өткен «Өзбекстанда инвестициялық саясатты тұрақты реформалаудың жол картасы» жобасының ашылу салтанатына қатысты.

    Жоба Азия даму банкі (АДБ), Еуропалық Одағы және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қатысуымен жүзеге асырылуда.

    Шараға Еуропа Одағының Өзбекстан Республикасындағы елшісі Шарлотта Адриан, АДБ-тің Өзбекстандағы өкілеттігінің директоры Канокпан Лао-Арая, ЭЫДҰ, ХҚК (Халықаралық қаржы корпорациясы), АДБ және Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің сарапшылары қатысты.

    Ақпарат үшін: Өзбекстан үкіметінің сұранысымен Еуропа Одағы мен АДБ-тың қаржылық көмедінде ЭЫДҰ АДБ-мен бірлесіп инвестициялық ортаны, тікелей шетелдік инвестициялардың тиімділігін және олардың тұрақты дамуы, сауда және инвестициялар арасындағы қатынастардың әсерін бағалау мен талдау жобасын жүзеге асыруда.

    Сондай-ақ, тікелей шетелдік инвестициялардың құн қосылуынының тізбектері, инфрақұрылымды дамыту, «жасыл даму» және цифрландыруға инвестиция ағынын кеңейту мүмкіндіктеріне әсері, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесінің тиімділігі және тағы басқа да бағыттар талданады.

    Лазиз Қудратов өз сөзінде Өзбекстанда инвестициялық ортаны жақсарту және инвесторлардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижелеріне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Зерттеудің нәтижелері инвестициялық ортаны жақсарту, реформаларды іске асыруды қолдап-қуаттау және тікелей шетелдік инвестициялардың ұзақ мерзімді болашағында елдің экономикалық дамуына максимал ықпалын қамтамасыз ету бойынша бейімделген ұсыныстар болады деп күтілуде.

    Атап айтқанда, жоба елімізге инвестициялық тартымдылық индексіндегі орнын жақсартуға, ЭЫДҰ-ның «Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы» декларациясына қосылуға және ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелерін енгізумен қатар инвестициялар саласындағы нормативтік-құқықтық базаны үйлестіру мүмкіндігін береді.

    Осы жобаны жүзеге асыруға жауапты министрліктер мен кеңселер, сонымен қатар, Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі, Экономика және қаржы министрлігі, Энергетика министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Статистикалық агенттігімен бірге жұмысшы топ құрылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates