Өзбекстанда «Лазги» халықаралық би фестивалі өтеді

    Мәдениет 24 Aprel 2022 3706

    25-30 апрель аралығында Хорезм облысының Хиуа қаласында «Лазги» халықаралық би фестивалі өтеді. Ауқымды шара ЮНЕСКО, Туризм және мәдени мұра министрлігі, Мәдениет министрлігі, Хорезм облысының әкімдігімен және басқа да мекемелермен бірлесіп ұйымдастырылуда. Шараға 30-дан астам елден қонақтар келеді деп күтілуде.

    Фестиваль аясында би өнеріне арналған көрме павильондары, ұлттық музыкалық аспаптар мен киімдер, қолөнер бұйымдары, бейнелеу және қолданбалы өнер туындылары, мүсіндер, көркем және деректі фильмдер, аудио және бейне дискілер, кітаптар, альбомдар, фотосуреттер көрмелері және олардың Ичан-қала кешені аумағында саудасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    Естеріңізге сала кетейік, «Лазги» Хорезм биі Өзбекстан мәдени мұрасының элементі ретінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативті тізіміне енгізілген. Бұл туралы қаулы 2019 жылғы 12 декабрьде ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 14-сессиясында қабылданған

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates