Өзбекстанда сәбіз бағасы ең төменгі деңгейге жетті

    Агросектор 10 Noyabr 2021 1391

    Өзбекстанда ноябрь айындағы сәбіз бағасы 2021 жылдың июнімен салыстырғанда 4-5 есеге арзандады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, 2022 жылдың көктемінде күтілетін жаңа өнімге дейін сәбіз бағасы осы деңгейде сақталады.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі мен тиісті ұйымдардың сәбіз бағасын тұрақтандыру бойынша атқарып жатқан іс-шараларында төмендегілерді айрықша айтып өту орынды: осы егіс алқабын ұлғайту, өнімділігі жоғары сорттарды егу, сондай-ақ суару технологиясын қолдану және аурулар мен зиянкестерге қарсы дер кезінде күресу сияқты сапалы агротехникалық істер солар қатарында.

    Іс-шаралардың нәтижесінде 2021 жылы сәбіздің орташа өнімділігін гектарына 20-25 тоннадан 30-40 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік туды. Сөйтіп, 1 кг сәбіздің құны фермерлік шаруашылықтарында 700-800 сумға (6,5-7,5 цент) арзандады. 20 июньдегі жағдай бойынша 1 кг сәбіздің орташа бөлшек саудадағы бағасы 6000-10000 сум болса, бүгінде (2021 жылдың октябрь-ноябрь айларында) 2000 сумға дейін төмендеді, ал далада орташа сатып алу бағасы 1 кг үшін 1000-1500 сумды құрайды.

    2021 жылғы сәбіз: ішкі нарық, қор жинау, өңдеу және экспорттау

    Биылғы жылы бағаның өзгеруіне байланысты сәбіз талай рет көпшіліктің назарында болды, оның басты себебі 2021 жылдың көктемінде «ерте сәбіздің» пісуі бір айға кешіктірілді.

    Жазға қарай сәбіз бағасына қатысты жағдай толығымен тұрақтанды. Жаздың соңы мен күздің басында Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрғындарға «даладан тұтынушыға» қағидаты бойынша жеңілдіктер жәрмеңкелерін бастады. Олар сәбізді және басқа да негізгі ауылшаруашылық өнімдерін егістіктің өзінен әкелгендіктен арзан бағамен сатуға мүмкіндік болды.

    2021 жылы барлық санаттағы шаруашылықтарда сәбіз 124,4 мың гектар (өткен жылмен салыстырғанда, 18,2 мың гектар көп) алқапқа егілді. 2021 жылы егілген 2 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімінен (жинау жұмыстары жүріп жатыр) негізгі бөлігі ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Бұл ретте «қосалқы дақылдан» жиналған 140 мың тонна сәбіз қысқы-көктемгі маусымда халыққа сақталады, ал «кеш пісетін» сәбіздің бір бөлігі жалпы 250-300 мың тонна болған ондаған мамандандырылған кәсіпорындар базасында өңделеді (2020 жылы 110 мың тонна сәбіз қайта өңдеу, яғни кептіру, соққы әдісімен мұздатуға жіберілген еді).

    Айта кетерлік жайт, еліміздің тұрғындарының сәбіз өнімдеріне деген жылдық қажеттілігі 700-800 мың тоннаны құрайды (медициналық стандарт бойынша адамның жылдық қажеттілігі шамамен 20 килограммды құрайды). Тұтыну қоржынындағы сәбіз өнімдерінің үлесі 0,4% құрайды.

    2021 жылы сәбіз экспортының көлемі шет елдерде осы ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс пен сатып алу бағасының өсуіне байланысты айтарлықтай өсті. 2021 жылғы 1 ноябрьдегі жағдай бойынша жалпы 50,5 мың тонна немесе сәбіз өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 17%-ға (43,4 тонна) сәбіз артық экспортталды. Экспортқа шығарылған сәбіздің 65 пайызы апрель-июнь айларына, яғни «ерте пісетін сәбіз» маусымына дұрыс келді.

    2021 жылы 7,6 млн долларға тең сәбіз 9 елге экспортталды: негізінен Қазақстан Республикасына – 30,5 мың тонна (4 млн доллар), Қырғызстан Республикасына – 16,5 мың тонна (2,8 млн доллар), Ресей Федерациясына – 3 мың тонна. (704 000 доллар) сондай-ақ Тәжікстан, Беларусь, Чехия, Украина, Корея Республикасы және БАӘ-ге жеткізілді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates