Өзбекстандық жас ойлаптапқыш

    Сіз білдіңіз бе? 19 Sentabr 2021 1450

    АҚШ-та жанұясымен жасайтын өзбекстандық 15 жастағы Ғияс Умаров Apple-ге тиісті тегін оқу материалдарының ең үлкен каталогтарының бірі iTunes-U-да қате тапты.

    Қосымша миллиондаған оқытушы мен студенттер арасында танымал. Бірақ осы күнге дейін бағдарламада кемшілік бар еді — хаккерлер пайдаланушылардың барлық мәліметтерін алулары немесе оқу үдерісіне араласулары мүмкін еді.

    Ғияс Apple-ге бұл туралы хабарлап, қатені түзету үшін бағдарламалық тілде кодтарды жазып жібереді. Apple бұл мәліметті құпия сақтап тұруды өтінген, тексеріп көреді және Ғиястың қате туралы айтқаны белгілі болады.

    Компаниядан алғыс білдіріліп, сыйлыққа не қалайсын, дегенде, балақай, “қосымшаны жаңалағанда менің атымды көрсетсеңіз болды”, дейді. Appel жаңаланған қосымшаға баланың атын жазып, жас ойлаптапқышқа алғыс білдіреді.

    Ғиястың анасының айтуынша, ұлы Нью Жерси губернаторының жеке құттықтауын да алған. Балақай бағдарламалауды еркін үйренген, курстарға бармаған.