Университеттердің ғылыми-инновациялық қызметі бойынша бірінші халықаралық форум өтті

    Болашақ ұрпақ 19 Oktabr 2022 1648

    Ағымдағы жылдың 18 октябрінде «InnoWeek.Uz-2022» халықаралық инновациялық идеялар апталығы аясында «Университеттердің ғылыми және инновациялық қызметі бойынша бірінші халықаралық форум» өтті.

    Шараны Өзбекстан Республикасы Инновациялық даму министрінің орынбасары Шахло Турдиқулова ашты.

    – Білім, ғылым, инновация және ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру қызметінде оң үрдіс байқалып, соңғы үш жылда ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі 2017 жылғы 49,7 миллиард сумнан 193,3 миллиард сумға дейін өсті.

    Қазіргі таңда 60 жоғары білім беру мекемелерінде ЖОО-да жұмыс істейтін профессор-оқытушыларға мемлекеттік грант негізінде жүргізілген ғылыми зерттеулерден алынған қаражат 295 миллиард 949,6 миллион сумды құрайды, - деді Ш.Турдиқулова.

    Форумға Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнаулы білім министрінің ғылым және инновациялар жөніндегі орынбасары Хакимов Рахимжон Расулжонович құттықтау сөзімен қатысты.

    Бұл шараға республикадағы барлық жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректорлары қатысты. Бұл форумға 10 шетелдік қонақ шақырылды. Олардың қатарында Стамбул коммерциялық университетінің ректоры Юсел Огурлу (Түркия), Варвик университетінің профессоры Тони Лиддисоат (Ұлыбритания), Турин политехникалық университетінің профессоры Риккардо Весипа (Италия), Гумбольдт университетінің профессоры Гафуров Аброр Асроржоновичтер (Германия) лекцияларымен қатысты.

    «Университеттердің ғылыми-инновациялық қызметінің бірінші халықаралық форумын» өткізудің басты мақсаты – жаһандану дәуіріндегі жоғары оқу орындарының ғылыми-инновациялық қызметіндегі соңғы жаңалықтармен танысу, тәжірибе алмасу және проблемаларды шешу жолдарын қарастыру; ғылым мен инновация, сондай-ақ коммерцияландыру арқылы өзін-өзі басқаруда қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізген университеттердің алдында тұрған мәселелерді бірлесіп шешу; ғылым, инновация және коммерцияландыру саласындағы шетелдік сарапшылардың тәжірибесін зерделеуден тұрады.

    Форум соңында шетелдік жоғары оқу орындарымен келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Инновациялық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates