Өзбекстанның миграция стратегиясын әзірлеудің бірінші басқыш қортындылары талқыланды

    Кеше Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенаты мен Миграция бойынша халықаралық ұйымының (МХҰ) Өзбекстандағы өкілеттігі тарапынан семинар өтті. Шара Өзбекстанның миграция стратегиясының жобасын әзірлеуге арналды.

    Оған сенаторлар, министрліктер мен кеңселердің өкілдері, Сенат жанындағы жұмысшы топтың мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ұлттық және шетелдік сарапшылар қатысты.

    Шарада Стратегияны әзірлеудің бірінші басқышының қорытындылары бойынша тұсаукесер өткізілді, сондай-ақ Стратегияны жүзеге асыру мәселелерді қатысушылар талқылап, пікір алмасты.

    Жұмысшы топтың мүшелері талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар Өзбекстанның миграция стратегиясы жобасын одан әрі жетілдіруде үлкен мәнге ие екенін атап өтті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates