Әсіресе, Әндіжан, Наманган, Сұрхадарияда істер жүйелі ұйымдастырылып, кәсіпкерліктің 90 пайыз ділгірліктер қысқа мерзімде шешілгені, әрине қуанарлық жағдай.
Қай жерде орта жақсы болса, аумақтық және тармақ басшылары Президент талабын дұрыс түсінген болса, сол жерде жұмыс істеу әдісі, кәсіпкерлерге қатынасы өзгерген.
Керісінше, кәсіпкер дертімен жасамаған, олар көтерген ділгірліктердің ішіне кірмей, көмек бермеген басшылар қызметіне, халқымыздың баға береді және мұндай басшыларға біздің қатарымыздан орын жоқ және болашақта да осылай болады.
Бір нәрсені барлығымыз анық түсініп алуымыз қажет. Кәсіпкерлеріміздің осы өтініштері, іс-жүзіндегі реформаларымыздың айнасы.
Сондықтан, әрбір министрлік және мекеме басшылары, облыс, аудан және қала әкімдеріне келіп түскен өтініштерді өздерінің қызметіне баға деп білулері, бұдан дұрыс қорытынды шығарып, тікелей өзгерістер жасаулары қажет және шарт. Бастама көрсете алмайтын, жаңа-жаңа идеяларды көтеріп шығуына, өзгеріс жасауға ұмтылысы болмаған башыларға өте қатты талап және шаралар болады.
Сонымен қатар, Президент кәсіпкерлерді қинайтын ділгірліктерді шешу бойынша маңызды бағыттарды көрсетіп өтті.
- Мен сіздер көтерген мәселелермен жан-жақты танысып шықтым. Сондықтан, сіздерді қинайтын барлық ділгірліктер мен сұрақтардан толық хабардармын.
Бүгінге дейінгі ең ділгір проблемаларды жүйелендіріп, оларды шешуге қаратылған 7 ең маңызды бағыт бойынша іс-шаралар бағдарламасын жасадық.
Бірінші бағыт. Сіздерден келіп түскен өтініштердің 40 пайызы бизнесті қаржыландыру және қаржы-несие мәселесіне байланысты. Осы өтініштің негізгі бөлігінде несие ставкаларының жоғарылылығы, көптеген несиелердің қысқа мерзімге, кәсіпкер үшін қолайсыз шарттармен беріліп жатқаны айтылған.
Шынында да, тән алып айтуымыз керек, кәсіпкерлерге бүгінде беріліп жатқан көпшілік несиелердің мерзімі 3 жылдан аспайды. Сондай-ақ, банктер тарапынан 9-10 пайыздан шетелдік валютада 18 мыңға жуық кәсіпкерлерге берілген несие валюта курсының тұрақты өсуі есебіне қосымша қаражаттарды әкеліп шығаруда. Бұл туралы мыңнан астам өтініштер келіп түскені де осы мәселелер кәсіпкерлікті дамыту үшін ауыр жүк болып тұрғанын көрсетуде. Сондықтан, коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді ресурс базасы және несиелердің мақбул пайыз ставкасын қалыптастыру бойынша кешіктіруге болмайтын шараларды көру талап етіледі.
Біріншіден, банктердің капталын арттыру бойынша қосымша мүмкіндіктер іске қосылады. Мұның үшін, келесі жылы банктерге Тіктелу және өркендеу қорынан базар қағидалары негізінде қосымша 600 миллион доллар бөлінеді.
Бұл көздер байқау негізінде де мемлекет, сондай-ақ жекеменшік банктерге орналастырылады.
Екіншіден, жоғарыдағы қаржыларды тартпақшы болған банктің өзі де сыртқы және ішкі қаржы базарынан кемінде 30 пайыз қосымша ресурстар жұмылдырылады.
Сонымен қатар банктер тарапынан алдағы жылы халықаралық қаржы базарында 5 триллион сумдық ұлттық валютада евробондтар шығарылады. Сондай-ақ Өзбекстан базарында істеуге дайын болған, заманалық технологияларға ие ірі шетел банктерінің кіріп келуіне кең мүмкіндіктер жасаймыз.
Бұл да, өз кезегінде, кәсіпкерлеріміз үшін қолай жағдайларды туғызады және банк жүйесінде біз үшін өте қажет болған салауатты бәсеке пайда болады. Үшіншіден, банктер шеттен ресурсты қандай валютада әкелуден тыс, кәсіпкерге несиені ұлттық валюта — сумда және бизнес өкілдері үшін мақұл пайыздарда беру жүйесі жолға қойылады.
Валютада несие алған және бүгін қиын жағдайға түскен жүздеген кәсіпкерлеріміз осы мәселені өз өтініштерінде көрсеткен. Сондықтан, Қаржы министрлігі құзырында Валюта қатерлерін басқару компаниясы және аумақтарда оның филиалдары ұйымдастырылады. Осы компания банктер тарапынан шет ел валютасында тартылып жатқан қаржыларды сумға ауыстырып, несиені ішкі базарда тек ұлттық валютада беру үшін қажетті жағдай жасалады.
Қысқа етіп айтқанда, бұдан былай доллар немесе евро кусының асуы кәсіпкерге қосымша проблема немесе артықша қаражаттарды туындатпайды.
Төртіншіден, бұдан былай Үкімет тарапынан халықаралық қаржы ұйымдарынын жұмылдырылатын жеңілдітілген қаржылар есбінен банктерге берілетін несиелердің мерзімін шектеу практикасы бекер етіледі.
Бесіншіден, үстіміздегі жылдың 1 октябрьден бастап, бұрынғы 1 миллион долларға дейін шетел валютасын алған 6 мыңға жуық кәсіпкердің жалпы 1 миллиард долларға жуық несиелері, кәсіпкер және коммерциялық банктер ортасындағы келісу негізінде, ұлттық валютаға өткізіп беріледі. Жалпы, жоғарыда ұсынылған механизмдер есебіне, коммерциялық банктерде әр жылы орташа 30-40 триллион сумдық ұлттық валютадағы , ұзақ мезімді қосымша ресурстар қалыптасады.
Мұның есебіне, кәсіпкерлер ұлттық валютадағы несиелерді ұзақ мерзімге және қазіргі ставкалардан кемінде 5 пайыз арзан алу мүмкіндігіне ие болады. Мен ойлаймын, бұл жаңа мүмкіндіктер елімізде кәсіпкерліктің дамуына үлкен түрткі болады.