Мемлекет басшысы азық-түлік саласы бойынша кеңес өткізді

    Билік 20 Dekabr 2021 7667

    20 желтоқсан күні Президент Шавкат Мирзияевтің қатысуымен азық-түлік қауіпсіздігі, осы саладағы жұмыстардың маңызды бағыттарының бірі ретінде балық шаруашылығын дамыту және кооперативтік негізде балық шаруашылығының тиімділігін арттыру шаралары жөнінде кеңес өтті.

    Жиын басында Мемлекет басшысы халықты азық-түлікпен қамтуда қаржылық мәселелер шешіліп, барлық мүмкіндіктер жасалғанымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кемшіліктер әлі де бар екенін атап өтті.

    – Әлемде азық-түлік бағасының өсуі, инфляция тәуекелдері келесі жылы да азық-түлік қауіпсіздігі ең өзекті мәселе болып қалатынын айқын көрсетіп отыр. Сондықтан облыс әкімдері өз аумақтарындағы балық шаруашылығының жай-күйін сараптап, кәсіпкерлер мен шаруашылықтарға барлық жағдай жасауды жүйелі түрде қолға алулары керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Соңғы бес жылда республикада балық шаруашылығында құны 2,2 триллион сум болатын 1016 жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде балық өсіру көлемі 6 есе артып, биыл 400 мың тоннаға жетеді. Балық тұтыну көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 5,7 есеге өсті.

    Жиында бұл көрсеткіштердің жеткіліксіздігі, бар мүмкіндіктердің толық пайдаланылмай жатқаны сынға алынды.

    Осыған байланысты «Әр отбасы – кәсіпкер» бағдарламасы бойынша үйдегі балық өсірушілерге бөлінетін несие көлемі екі есеге ұлғайып, келесі жылы бұл мақсаттарға 400 миллиард сум және 20 миллион доллар бөлінбек.

    Балық шаруашылығы иелерінің жер және мүлік салығы 50 пайызға төмендетіліп, тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтыған санатына ауыстырылады.

    Сондай-ақ, келесі жылы ірі балық шаруашылығы жобаларына 20 миллион еуро тарту жоспарлануда.

    Өнімділігі төмен 21 мың гектар жасанды бассейндерде өнімділікті үш есеге арттырып, қосымша 190 мың тонна балық өсіру қажет екені айтылды. Осы мақсатта 2,2 мың шаруа қожалығын 50 мың суды оттегімен байытатын құрал – аэраторлармен жабдықтау қажет екені айтылды.

    Шенеуніктерге осы мүмкіндіктерді пайдаланып, жаңа жобалар мен өндірісті ұлғайту, халықты жұмыспен қамту және ішкі нарықты балық өнімдерімен толтыру тапсырылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates