ӨзЛиДеП және ӨзМТДП фракцияларының бірлескен жиналысы өтті

    Ел назарында 17 May 2022 2454

    Кәсіпкерлер мен іскерлер қозғалысы – Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы мен Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы фракцияларының бірлескен жиналысы өтті.

    Онда фракциялар тарапынан бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан жедел реформаларды дәйектілікпен жалғастыруда құқықтық базаны одан әрі нығайту қажет екендігі айтылды. Сондай-ақ ауқымды өзгерістерді қатаң жалғастыру мақсатында конституциялық реформаларды жүзеге асыру парламент алдында тұрған маңызды міндет екені атап өтілді.

    Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүргізілген ауқымды да дәйекті демократиялық реформалар нәтижесінде Жаңа Өзбекстанды құру үшін берік саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-ағарту және рухани-мәдени негіз қалыптасқаны атап өтілді.

    Күнделікті өмірімізде «адам құқықтары мен еркіндігі», «заңның үстемдігі», «ашықтық пен жариялылық», «сөз еркіндігі», «діни және сенім еркіндігі», «қоғамдық бақылау», «гендерлік теңдік», «жеке меншікке қол сұғылмаушылық», «экономикалық қызмет еркіндігі» сынды іргелі демократиялық ұғымдар мен құндылықтар шындыққа айналды. Қоғамымыздың саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық келбеті тез өзгеруде.

    2021 жылы еркін де демократиялық, ашық және айқын, салауатты бәсекелестік пен саяси күрес ортасында өткен Президент сайлауы еліміздің өзі таңдаған демократиялық даму жолынан ешқашан артқа қайтпайтынын дәлелдеді.

    Соңғы жылдары «Адам қадірі үшін» қағидасы негізінде халқымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуды жеделдетуге, адам құқықтары мен мүддесін сөзсіз қорғауға және күшті белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған реформалар мемлекеттік саясаттың үстем бағыттары ретінде айқындалды.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың инаугурациясына арналған Олий Мажлис палаталары бірлескен жиналысында сөйлеген сөзінде Өзбекстанда конституциялық реформалар қажет екендігі атап өтілген болатын.

    Мемлекет басшысының Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылдануының 29 жылдығына орай халыққа жолдаған құттықтауында да Негізгі Заңды қоғамдағы бүгінгі шындыққа бейімдеу, қарқынды реформаларымызлың логикасына бейімдеу, Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы үшін мықты іргетасын қалау маңызды міндетке айналғанын және конституциялық реформалардың бағыттары көрсетілген еді.

    Бірлескен мәжілісте Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясының фракциясы «Әрекеттер стратегиясынан — Даму стратегиясына қарай» қағидасы негізінде жасалған 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстан Даму стратегиясын жүзеге асыруда Ата заңымыз — Өзбекстан Республикасының Конституциясын жетілдірудің өзекті маңызы бар екені атап өтілді.

    Өзбекстан «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы фракциясының мүшелері Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы фракциясының Өзбекстан Республикасының Конституциясын жетілдіру бойынша ортаға тасталған ұсынысын толық қолдап-қуаттады, осы үдерісте парламент мүшелері, кең жұртшылық пен халқымыз бірлесіп, осы реформаларды жүзеге шығаруда негізгі драйвер болуы қажет екені айтылды .

    Фракция мүшелері Өзбекстан Республикасының Конституциясын жетілдіруге бағытталған нақты нормалар барлық азаматтардың, қоғам өкілдерінің және халқымыздың ұсыныс-пікірлері негізінде, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету негізінде қалыптастырылуы керектігін де атап өтті.

    Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы мен «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының фракциялары Олий Мажлис Заң шығару палатасының жетекші фракциялары саналып, саяси жүйеде ерекше орынға ие. Аталған фракция мүшелерінің Өзбекстан Республикасы Конституциясын жетілдіру жөніндегі алға тартылған бастамалары партиялардың мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ олардың сайлауалды бағдарламаларымен сәйкес келетіні тілге тиек етілді.

    Бірлескен жиналыс соңында Өзбекстан Республикасының Конституциясын жетілдіру мәселесін Олий Мажлис палаталары Кеңестеріне кіргізуге келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates